Академик С. Бейсембаев атындағы ҒК ғылыми-библиографиялық бөлімімен және университеттің «КЕРЕКУ» баспасымен бірлесіп библиографиялық құралдар шығарылды:
2009 жылдың 18 мамырында журналистика және өнер орыс филология факультетінің студенттеріне, лицей оқушыларына арналған «Я все же к вершине Машхура пойду...» атты әдеби кеш өткізілді.
2009 жылдың 14 мамырында журналистика және өнер орыс филология кафедрасының әлеуметтану, саясаттану және философия мамандықтарының студенттеріне арналған «Менің өмірімдегі кітапхана» атты тақырыптық кеш өтті.
Құрметті оқырмандар! С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғылыми кітапханасының ғылыми-библиографиялық бөлімі Сіздерді жаңа кітаптар көрмесіне шақырады. Сіздерді 20-23 мамырда 2009 ж. сағ. 10-17-ге дейін ғылыми-библиографиялық бөлімде күтеміз.
Құрметті оқырмандар! С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғылыми кітапханасының ғылыми-библиографиялық бөлімі Сіздерді жаңа кітаптар көрмесіне шақырады. 24-26 қараша аралығында 2009 ж. сағ. 10 -17-ге дейін ғылыми-библиографиялық бөлімде күтеміз.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кітапханасы 2009 жылдың 8-9 қазанында болған «ІІІ Торайғыров оқулары» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына «С.Торайғыров қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды.
2009 жылғы қыркүйек айында кітапханаға 3346 дана басылым түсті. Солардың ішінде қазақ тіліндегі «Қарасай» баспасынан шыққан М.Құлбекұлы және Ш.Хамраеваның «Электр және магнитизмнің физикалық негіздері» оқулығын және академик Е.Е.Ерғожин мен М.Қ.Құрманалиевтің «Жоғары молекулалық қосылыстар» оқулығын (100 дана) атап өтуге болады.
2009 жылғы қыркүйекте ғылыми кітапхана күшімен ПМУ студенттеріне, профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлеріне арналған «Электронды құжаттардың жаңа түсімі» бюллетені 1.шығ. дайындалды.