Құрметті оқырмандар және әріптестер!

Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана ұсынады

Құжаттарды электрондық жеткізу

– зияткерлік қызмет нәтижелеріне меншік құқығы туралы заңнаманың және кітапхана қорын сақтау талаптарын бұзбайтын мөлшерде, кітапхана қорынан және коллекциянан (мақалалар мен кітап үзінділерін) қалпына келтіру.

Тапсырыстар online – режимінде қабылданады

Біз Сіздермен бірге жұмыс жасауға қуаныштымыз!

Сіздер өздеріңізге қажетті басылымдарға/парақтарға сіздерге қолжетімді біздің кітапханамыздың электрондық анықтамалық-ақпараттық ресурстарында тапсырыс бере аласыздар. 

Бұл ғылыми кітапхана қорындағы мерзімдік басылымдар мен жинақтардағы мақалалардың, кітап үзінділерінің 15 % мөлшерінен аспайтын электрондық көшірмесіне тапсырыс беру мүмкіндігі. Басылымдардың толық көшірмесі жасалмайды.

ПМУ ҒК электронды каталогы

Академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхана қорында бар құжаттарды (журналдар мен кітаптардағы мақалаларды, бөлімдерді, тарауларды, параграфтарды) іздеу, тапсырыс беру және электронды көшірмелерін жеткізу.

Ол үшін ПМУ сайтындағы электронды каталогқа кіріңіз. Іздеу терезесіне іздеу белгісін енгізіңіз.

«Іздеу» батырмасын басыңыз.

Таңдалған басылым жолағындағы карточканы басыңыз.

Келесі терзеде жолақтарды толтырыңыз және «Тапсыру» батырмасын басыңыз.

Сіздің тапсырысыңызды алғаннан соң, біз Сізге электрондық почта бойынша тапсырысты орындау мүмкіндіміз жайында хабарланған хат жолдаймыз.

Тапсырыс, ережеге сәйкес, Сізден растау алынғаннан кейін 1-3 жұмыс күн мерзімінде орындалады.  

Сенбі, жексенбі, сондай-ақ тазалық күндері тапсырысты өңдеу және жөнелту жүзеге асырылмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Кітапханадан алынған құжаттар көшірмесін рұқсатсыз пайдалану үшін жауапкершілік, қолдансытағы заңнамаға сәйкес, толығымен пайдаланушыға жүктеледі.