2009 жылдың 14-26 қарашасыҚұрметті оқырмандар! С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғылыми кітапханасының ғылыми-библиографиялық бөлімі Сіздерді жаңа кітаптар көрмесіне шақырады. 24-26 қараша аралығында 2009 ж. сағ. 10 -17-ге дейін ғылыми-библиографиялық бөлімде күтеміз.
14.10.200914 қазанда Биология және экология кафедрасының күні өтті. Онда қорды толықтыру, қажетті әдебиетке өтініш жасау мәселелері қарастырылды.
13.10.200913 қазанда ғылыми кітапханада Агротехнология және биотехнология кафедрасының күні өтті.
2009 жылдың 8-9 қазаныС.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кітапханасы 2009 жылдың 8-9 қазанында болған «ІІІ Торайғыров оқулары» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына «С.Торайғыров қазақ поэзиясының жарық жұлдызы» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды.
2009 жыл, қыркүйек 2009 жылғы қыркүйек айында кітапханаға 3346 дана басылым түсті. Солардың ішінде қазақ тіліндегі «Қарасай» баспасынан шыққан М.Құлбекұлы және Ш.Хамраеваның «Электр және магнитизмнің физикалық негіздері» оқулығын және академик Е.Е.Ерғожин мен М.Қ.Құрманалиевтің «Жоғары молекулалық қосылыстар» оқулығын (100 дана) атап өтуге болады.
2009 жыл, қыркүйек 2009 жылғы қыркүйекте ғылыми кітапхана күшімен ПМУ студенттеріне, профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлеріне арналған «Электронды құжаттардың жаңа түсімі» бюллетені 1.шығ. дайындалды.